Семей қаласына жаңадан әкім тағайындалды
Жаңа әкім Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Оңтүстік Қазақстан облысында 1970 жылы дүниеге келген. Бұрын әртүрлі лауазымдарды атқарған, соның ішінде ШҚО әкімінің орынбасары бар. Бұған дейінгі қызметі — ШҚО Ұлан ауданы әкімі. Нұрымбет Сақтағанов 2015 жылдың маусымынан бастап қаланы басқарған Ермак Сәлімовтің орнына тағайындалды.
Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов ҚР Парламентінде үкіметтің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, министр кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2012 жылдың қазан айында Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылдың мамыр айынан бастап ШҚО Ұлан ауданының әкімі болды.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі, Семей қаласының әкімі қызметін осы күнге дейін атқарған Ермек Сәлім ШҚО әкімінің тұрғын үй-құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалғанын хабарлады.