“Семей орманындағы” табиғи өрт өшірілді
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Семей орманы» ҮЕҰ Бородулиха филиалының Дмитриев орманшылығындағы табиғи өрт сөндірілгенін мәлімдеді.
Алдын ала бағалау бойынша өрт 0,8 гектарды қамтыды.
«Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД мен табиғи резерваттың күштері мен құралдары жұмылдырылды. ТЖМ облыс тұрғындары мен қонақтарынан орман алқабында болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», — делінген хабарламада.