“Семей орманы” резерваты филиалының директоры ұсталды

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалдарының бірінің директоры және оның әріптестері ӘТҚ-ға қамалды.
«Орман қаржысын жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Ағаш өңдеу станоктары, ақшалай қаражат және филиалдың құжаттамасы тәркіленді. Филиал директоры мен оның әріптестері ӘТҚ-ға қамалды», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ұсталғандар сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара алу, мүлікті ысырап ету және құжаттарды қолдан жасау фактілеріне қатысы бар екендігі тексеріледі. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.
фото: википедия