Семей маңында құбырдан аққан қан тұрғындарды шошытты (видео)
Семейде Березовский ауылының тұрғындары шет аймақта төгілген қызыл түсті суды көріп, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz басылымы.
Тұрғындар жақын маңдағы зауыт «қанды» ағынды судың пайда болуына себепші екенін айтады.
«Құс фабрикасындағы мәселе бетпеді: бірде түтін болды, қазір қан ағып жатыр. Бұл сүзгілерді електен өткізіп, тазалау керек. Олар ештеңе тазаламайды. Иіс шығады», — дейді тұрғынның бірі.
ШҚО экология департаменті осыған қатысты пікір білдірді.
«Восток Бройлер» ЖШС-нің мал сою цехындағы жабдықтардың бұзылуынан мал қалдықтарын тасымалдау жүйесі істен шықты. Ағынды сулға сорғы станциясын айдағаннан қан суға кетіп қалған, құс фабрикасының сүзгілеу алаңдарында төгінділермен араласқан», — деп хабарлады ШҚО экология департаменті.
Сондай-ақ, ведомство екі сағат ішінде олқылықтың орны қалыпқа келтірілгенін хабарлады. Сонымен қатар, кәсіпорын тазарту құрылыстарын қайта жаңарту бойынша іс-шараларды жоспарлап отыр.