Секпілден қалай құтылуға болады? |
Қазір секпілді лазер арқылы, химиялық жолмен дүркін-дүркін пилинг жасау арқылы кетіреді. Бірақ бұрынғылары кеткенмен, орнына қайтадан жаңалары шықпасына кепілдік жоқ. Сондықтан ең дұрысы – сұлулық салондарына, дерматологиялық кабинеттерге барып, секпілді бір кетіртіп алып, одан әрі күн көзінен жиекті қалпақ киіп, қолшатыр ұстап, сыртқа шыққан сайын күн әсерінен қорғайтын фотоқорғаныштық кремдер жағып, мейлінше сақтанып жүру. Күн ысыған маусымдарда Е,С дәрумендерін ішу де секпілден сақтануға көмектеседі.
Беттегі секпілді, пигменттік ақтарды ағартып, көрінбейтін етуге болады. 2 ас қасық петрушка ұнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатып, содан соң 50-60 минут тұндырып, сүзіп, сүзіндіге 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, мұқият араластырып, бетке жағады. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастап, айнаға қарап, секпілдің байқалмайтынын көруге болады.
Дереккөз: Reactor
http://inform.kz