“Сейфте миллион бар деп ойлады” — Ақмолада бетперде киіп, сейф ұрлаған адамдар бейнежазбаға түсіп қалды (видео)
Ақмола облысында түн ортасында фирманың кеңсесінен сейф шығарған белгісіз адамдар видеоға түсті. Онда 500 мың теңге ғана болған, — деп хабарлайды ҚР ІІМ.
Ведомствоның ақпараттық медиа порталы хабарлағандай, қылмыс 19 маусымға қараған түні болған.
«Кәсіпорын бухгалтері кабинетінің есігін ашқаннан кейін, бетперде киген үш белгісіз адам үй — жайдан металл сейфті ұрлап кетті», — деп түсіндірді ІІМ.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады, олардың қатысы тексерілуде.
«Ұрылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма — қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айғақтары бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте 500 мың теңге болды», — деп атап өтті ведомстводан.
Видео: youtube / PolisiaKz