Сейдахмет Болгарияның клубына барады

0
124

Трансфердің нақты талап-тұстары мен өзге мән-жайы әзірге белгісіз.

Әзірге ресми түрде растала қоймаған ақпарат бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасының 19 жастағы шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жақын арада болгариялық «Левски» клубының ойыншысы атанады, деп хабарлайды Zakon.kz KazFootball.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Сейдахмет медициналық тексеруден өтеді. Тексеруден сәтті өтіп жатса, «Уфадан» софиялық клубқа ресми трансфер рәсімделеді. Бірақ трансфердің басқа мән-жайы әзірге белгісіз.

«Левски» футбол клубы – Болгарияның София қаласынан. Елдегі ең жетекші клубтардың бірі. Болгария чемпионатының 26 дүркін және Болгария кубогының 27 дүркін жеңімпазы.

Айта кетсек, 2003-2008 жылдары бұл клубтың бас бапкері кейін Қазақстан ұлттық құрамасында жұмыс істеп кеткен Станимир Стоилов болған.

Болгариялық ұжымның қазіргі бас бапкері – шымкенттік «Ордабасыда» жұмыс істеп кеткен маман Георги Дерменджиев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz