Сегіз жетім баланы бауырына басқан ана себебін түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Сегіз баланы бауырына басқан ана неліктен жетімдер үйінен бала асырап алғаны туралы айтып берді. Олардың барлығы бірден бауыр басып кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ниет» бағдарламасына сілтеме жасап.

ана

«Шешем «Мен істей алмадым, сен істей аласың» деп айтатын. Сонда өз балаларым бар, жетімдерді не істеймін дейтінмін. Бірақ олай айтпау керек екен. Бір күні ауырып қалдым. Содан жолға шығып кеттім. Бір сары қыз іздедім. Неге екенін білмеймін. Бір уақытта бір ғимаратқа кіріп едім, олар көрші мекмеде балалар үйі барын айтты. Бардым, директорымен сөйлестім. Сол кезде қазақ балалары жоқ, бірақ орыстың екі баласы бар деді. Содан осы екі сары қызды алдым. Танечка мен наташка күлімсіреп отыр. Көре салып бірден алып кеттім. Он күнде бұл балалар үйреніп алды», – дейді Анар ханым.

Анар ханымның айтуынша, балаларды бір көргеннен қойнына басқан.

«Жетімханадан келіп балаларды он күннен соң алып кетті. Бірақ балалар бізге үйреніп қалған кеткісі келмеді. Содан құжаттарды он күннің ішінде дайындап, екі қызды қайтадан өзіме алып алдым. Ауылда бала асырап алғанымды сөз етті. Бірі айлакер деді, үкіметтен көмек алу үшін деп айтты. Бірақ құрбым мен достарым қолдады», – дейді жетім бала асырап алған ана.

Айтуынша, өз балалары да асырап алған екі қызды жақсы қабылдаған. Олар бір-біріне үйреніп кеткен. 

«Бәрібір жүрегінде мұң бар ғой бұлардың. Мен жүз жерден анасы болайын. Жүз жақсылық жасайын. Ешкімге де осыларды ұрғызбаймын, ұрысқызбаймын да осы дүниеде жүргенше. Сонда да олар анамыз қайда деп ойлайтын шығар», – дейді бала асырап алған ана.
 

stan.kz