Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады

Сегіз жерде отырғанның сегіз жағдайы артады

1. Бай-ауқатты адамдармен отырған адамның дүниеге құмарлығы мен әуесі артады;
2. Кедей-жарлылармен бірге отырған адамның шүкіршілігі мен көңіл тоқтығы артады;
3. Әкімдермен бірге отырған адамның тәкаппарлығы мен өзімшілдігі артады;
4. Бөтен әйелмен оңаша отырған адамның оған деген құмарлығы артады;
5. Балалармен отырған адамның ойынға пейілі артады;
6. Күнәһармен отырған адамның жүрегінің қаттылығы артады;
7. Ізгі құлдармен отырған адамның құлшылыққа құштарлығы артады;
8. Ғалымдармен бірге отырған адамның ілімі мен тақуасы артады…
Дереккөз: Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz