Сегіз жастағы бала 35 рет қозы көтерді
Талдықорғанда Өтенай ауылының сегіз жастағы тұрғыны Қайсар Өмірсерік 35 рет қозы көтерді, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жануардың салмағы — 14 келі. Кішкентай болғанына қарамастан, Қайсар бұл істе күші мен шеберлігін таныта білді.
Қайсарға тең келетін қарсылас болған жоқ. Ол ойын шартына сәйкес Наурыз мейрамына сыйлық ретінде малды алды.
Толық видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.youtube.com/watch?v=kfutpXbGGRQ&t=15s