Сегіз жасар қыз қанмен жылай бастады

0
730

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан қыздың терісінен күніне бірнеше рет қан шығады. Ол бірнеше ауруханаға барған

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Үндістанның Трипура штатында тұратын қыз өте сирек кездесетін дертке шалдыққан. Сондықтан қанмен жылай бастады, деп хабарлайды The Sun.

Сегіз жасар Чвнгсаса Деббармада сырқаттың белгілері сәуір айында байқала бастапты. Сол кезден бастап құлағы мен мұрнынан қан кеткен. Кейін қолы, аяғы мен бетінен қан шыға бастады.

Дәрігерлер қыздың сирек кездесетін гематогидроз дертіне шалдыққанын айтып отыр. Алайда бұл нақты диагноз емес. Әлі қосымша тексеріс жүргізу жоспарланған. Дәрігерлер берген дәріден кейін қыздың жағдайы біршама жақсарды.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер «гауһар таспен» жылайтын қыздың сырын түсіне алар емес – видео

Алайда біраз уақыттан соң қыздың ерні, тілі, маңдайы, қолы, саусақтарынан тағы да қан шыға бастады. Деббарманың жағдайы қиындап кетті.

Қыз штаттағы бірнеше аурухананың мамандарына барды. Бірақ оған ешкім көмектесе алар емес.

Гематогидроз — науқастың терісі арқылы қан шығатын ауру. Ол он миллионның арасында бір адамда кездеседі. Әдетте қан өзінен-өзі тоқтайды. Дәрігерлер бұл дерттің пайда болу себебін нақты айта алмай отыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз