Сегіз баласымен жесір қалған Алматы облысының тұрғыны көмекке зәру — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұзынағаш тұрғыны Алтынгүл Аңсаған — сегіз баланың анасы. Алты ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған алтынқұрсақты ана жұбайынан бір ай бұрын айырылып қан жылап отыр. Stan.kz тілшісі асыраушысын жоғалтып, көмекке зәру отбасының нақты қандай мұқтаждығы бар екенін білді.

көмекке мұқтаж

Жалғыз асыраушысынан айрылған Алтынгүл бүгінде жағдайының тіпті қиындап кеткенін айтады. 

«Күйеуімнің өңешінде жара пайда болып, қан құсып қайтыс болды. Тірісінде әркімге жалдамалы жұмысшы болды. Солай күнімізді көретінбіз. Көбінесе құрылыста істеді», — деген Алтынгүл балаларының ең үлкені 20 жаста, кішісі 7 жаста екенін айтты.

«Дәл қазір үйде ешкім жұмыс істемейді. Алтын алқаға берілетін 80 мың теңгеге 8 баламды асырап отырмын», — дейді жаны қиналған көмекке зәру ана.

«Бұған дейін АӘК-ті үш ай алдым. Одан кейін күйеуің жұмыс істейді екен деп бермей қойды. Қанша жерден ауру, жұмысқа жарамайды деп айтқанымды тыңдамады. Ал алдында ай сайын 39 мың теңгеден жәрдемақы алып тұрдым», — деген ана үкіметтен көрген көмегі осы екенін айтады.

Бұдан бөлек көпбалалы аналарға берілген үш бөлмелі үйге қол жеткізгенімен, жалдамалы пәтер есебінде бергенін, бірақ ай сайынғы төлемін жасауға жағдайының келмейтінін айтады. 

Дәл қазіргі уақытта әйел азық-түлік, қаржылай немесе балаларға киім болсын, көмектің кез-келген түріне зәру екендерін жеткізді.  

 

Stan.kz редакциясы Алтынгүл Аңсағанның отбасына көмек қолын созамын деуші жаны жомарт жандарға реквизиттерін ұсынады: 

Kaspi Gold номері: 4400 4301 0905 1315 — Алтынгүл Аңсаған

 

stan.kz