Саунадағы атышулы видео: прокурор жұмыстан қуылды

0
48

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп, тиісті шараларды қолға алды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде саунада әріптестерімен және судьямен бірге демалған Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев жұмыстан қуылды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға бас прокурордың аға көмекшісі Александр Ким растады.

«Ақпаратты растаймыз, ол шеттетілген жоқ, жұмыстан шығарылды», – деді Ким.

Саунадағы атышулы видео

Мамыр айының басында желіде Жаркенттегі саунада түсірілген видео тарады. Автор төтенше жағдай кезінде саунада әріптестерімен бірге қалай демалып жатқанын көрсетті. Прокурордың қасында Алматы облысы аудандық сотының судьясы болған.

Осы оқиғадан кейін бас прокуратура қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Сейітовтің өкілеттігін тоқтатты.



sputniknews.kz