«Саунада сауық құрған судья»: Жоғарғы сот тесеріс нәтижесін жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

Жоғарғы сот Алматы облысында моншада сауық құрған судьялар мен прокурорлар түсірілген видеоны тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сот

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі судьяларды теріс себептер бойынша қызметінен босатудың бірнеше кезеңі болатындығын атап өтті.

«Біріншіден, нақты жағдайда судья әдебі жөніндегі комиссия судьяның іс-әрекеттерінде судья әдебі кодексін бұзу фактісінің болуы туралы қорытынды шығара отырып, тексеру жүргізеді. Заң бұзушылық анықталған жағдайда облыстық соттың барлық судьяларының қатысуымен жалпы отырыс жасырын дауыс беру арқылы судьяны тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдарды жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасна жіберу туралы мәселені шешеді», — деді жоғарғы соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Сәдуақасов.

Бұл ретте судья алқабилердің оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешіміне жоғарғы сот кеңесіне шағымдануға құқылы. Осыдан кейін ғана кеңес түпкілікті шешім қабылдай алады.

Комиссия Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасының судья әдебі кодексін бұзу фактісін мойындады.

«Алматы облысы Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Сейтовтың монша кешенінде болу фактісі бойынша Алматы облыстық сотының судья этикасы жөніндегі комиссиясы тексеру жүргізді. Тексеру материалдарын комиссия қарады. Комиссия бұзушылық фактісін мойындады», — деді Айдос Сәдуақасов.

Оның айтуынша, судья Сейтовке қатысты материалдар Алматы облыстық сотының жалпы отырысының қарауында.

Еске салайық мамыр айында әлеуметтік желілерде саунада түсірілген бейне пайда болды. Онда видео авторы жолдастарымен демалыcы туралы әңгімелейді және олардың қатарында Алматы облысы аудандық сотының судьясының бар екенін айтқан. 

Аталған факті бойынша ҚР бас прокуратурасы тескеріс жүргізетінін мәлімдеді.

Кейіннен бас прокуратурада саунада сауық құрған Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаевтың қызметінен босатылғаны туралы хабарлады.

stan.kz