Сәуле Әбілдаханқызы: Сапарбаев? Ібіліс жүрген жерін өртеп жүреді екен…

0
35361
Фото: Азаттық

бордюрбек саудагер сапарбайып!

Екі жыл бұрын әлеумет министрі боп тұрғаныңда, 4 ақпанда бес сәби өртенді. Содан көпбалалы аналар көтерілді.
«Көпбалалы аналар мәселесін осы комиссия шешеді» деген ебыңның өтірік құрған мемлекеттік комиссиясына төраға болып, әрбір сала министрлерімен, вицелерімен, департамент басшыларымен, қоғам белсенделілерімен, көпбалалы аналармен апта сайын комиссия отырысын өткіздің. Мені жолатқың келмеді. Саған жазған хатым жауапсыз қалды, ол менде сақтаулы…

Құрамында бәленбай адамы бар өтірік комиссияға өтірік төраға болып, светлана жақыповаңмен бірге қанша ай спектакль ойнағандарың есімізде де қалмады, ол мемлекеттік комиссиясымақтарыңның апта сайын бәлен сағаттап көпірген отырыстарыңның қорытындысын да шығарған жоқсыңдар, не істедіңдер, не қойдыңдар – сол күйі бізге белгісіз. Өйткені комиссия жұмысы бойынша сен, тіпті, өтірік есеп те берген жоқсың. Қораға жиналған қой құсап, маңырап-маңырап, кеттіңдер.

Сен басқарған сол МЕМЛЕКЕТТІК комиссияның нәтижесі не болды?

Нәтижесі – сен әкім боп барған облыста, тағы да ақпанда, тағы да бес сәби өртенді…

Бұл саған ештеңе сездірмей ме? «Уәдең қайда, ата?» деген бес періштенің дауысы құлағыңа келмей ме???
Ұялмай тағы өтірік есеп беріп тұрсың. Сен есеп беріп тұрғанда тағы да бес періштенің өртеніп, дәл сенің трибунаңдағы Елтаңбаның құлап жатуы – кездейсоқтық емес екенін ұқпайсың ба?

Ібіліс жүрген жерін өртеп жүреді екен…

Сен жүрген жерге шөп шыққанын көрмедім… сендер жүрген жерді 30 жыл бойы өрт шалып, от лаулап келеді…. тозақ оттары жымыңдамай ма түсіңде???

Әлеуметтік мәселелерлді оң шешіп, көпбалалы аналармен, мұқтаж отбасылармен керемет жұмыс істеп отырған, аз мерзімде халықтың құрметіне бөленген Мырзахметовтың орнына келдің де, көпбалалы аналарды бір-бірімен шағыстырып, лаң салдың. Қайда содан шыққан мүйізің??? Мырзахметовтің қатысы жоқ «Қордай ісіне» оны крайний қылдыңдар.

Арамы, аяр шакалдардардың тірлігін ТВдан талай көрдік қой… адамдардың шакалдығын өмірден сағат сайын көретін болдық…

Қысқасы, сендер сияқты срогы өткен шалдар елдік істі де, әйелдік істі де істей алмайсыңдар. Әйелдік істе виагра көмектесетін шығар, елдік істе виагра көмектеспейді. Әдемі қартаю қолдарыңнан келмесе де, Халықтың қарғысына қалмай әдемі кету қолдарыңнан келетін шығар? Өз-өздеріңді бұдан ары масқараламай, Халықтың төзімімен ойнап, мазақ етпей, кеткендерің дұрыс. Жастарға орын беріңдер. Сендер біздің жастық шағымызды, 30 жыл өмірімізді ұрладыңдар. Кейінгі жастардың құдай берген өмірін, уақытын өздеріне қалдырыңдар! Әйтпесе елдегі революция отының тұтатануына сендер себеп боласыңдар.

Сәуле Әбілдаханқызы, Facebook парақшасынан