Сәуле Әбілдаханқызы Қыдырәлі туралы: “Құдай сақтап оның әйелі болған жоқпыз”

0

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзін Қыдырәлі Болмановтың алғашқы әйелі дегендерге жауап берді.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

“Өләәәә…. мені Қыдырәлінің бірінші әйелі деп, кейбір “болжағыш” балгер сайтани сайттар бір жерлерімен тағы да бал ашып тастапты.. бұл әңгіменің өтірік екенін бұған дейін де бірнеше рет айтып, жазып, нүктесін қойсақ та, өсекшілерге дауа жоқ қой… қырық жыл бойы бір боқ-өсекті езіп отыра береді….

Ысбакойтес!!!

1989 жылы Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтында (ол кезде АГТХИ, қазір Өнер академиясы) 1 курста Қыдырәлімен біз танысқанда ол 3 курста еді, оның Жанетта деген суретші-модельер қызы болған, жарты жылдан кейін әйелі болды…

“Прясниковқа ұқсайды” деп группадағы бір-екі қыз бала махаббатпен “ғашық” болсақ болған шығармыз, дәу құдай сақтап ешқайсымыз оның әйелі болған жоқпыз, құдайға шүкір”, – деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.