Home Жаңалықтар Сәуле Әбілдаханқызы: Мені бақытсыз деп ойлайтындарға күлкім келеді

Сәуле Әбілдаханқызы: Мені бақытсыз деп ойлайтындарға күлкім келеді

0
1380

Мені бақытсыз деп ойлайтындарға күлкім келеді.

Өздерінің бақыты асып, тасып жатса, қанеки… бір-бірін алдаған, бір-бірін арбаған, бір-бірін пайдаланған, бір-бірін манипуляциялаған жұрт әйтеуір… Сырты күліп, іші ұлып жүретіндер қаншама!.. Өзі басқа, сөзі басқа, ісі басқа мың адамды білемін, «әй, байғұс-ай» деп соларға жаным ашиды…

Мен ӨТЕ БАҚЫТТЫ адаммын, құдайға мың шүкір!!! Аяқ-қолым бүтін, он екі мүшем сау. Кредитім жоқ, ешкімге қарыз емеспін, ешкімді алдағаным жоқ, ешкімге арамдық, жамандық жасаған жоқпын, қолымнан келсе, жақсылық жасаймын, кез-келген адамның бетіне тура қарай аламын.

Менің бақытым – өз әлемім. Өз қиялым. Ішкі әлеміммен гармонияда өмір сүремін. Дүниенің соңын қумаймын.

Менің бақытым – ойымды сөзіммен, сөзімді ісіммен көрсетемін. Маска кимеймін. Ешкімді алдамаймын. Уәде берсем, сөзімде тұрамын. Айнаға қарағанда өз көзіме өзім тура қарай аламын. Ақылды, білімді болып көрінуге тырыспаймын. Керісінше, ақымақ, білімсізбін.

Менің бақытым – кешірім сұрай білетін кішіпейілдігімде. Біреуді ренжітсем, үлкен болса да, кіші болса да, кешірім сұрай аламын. Кешірім сұрағанды кешіре аламын. Өркөкіректігім жоқ. Алайда, кішіпейілдігіңді намыссыздық деп қабылдап, төмендеткісі келетін паң пақырларды таптап жүре беру мен үшін қиын емес. Менде намыс (гордость) бар, паңдық, өркөкіректік (гордыня) жоқ. Бұл да менің бақытым!

Қандай БАҚЫТТЫ АДАМ екенімді, ішкі әлемім қандай рахат сезімдерді кешетінін өзімнен артық ешкім білмейді. Ол күйді айтып жеткізу де мүмкін емес…