Сәуле Әбілдаханқызы: Мен “доссымақтарымның” табасын да, сатқындығын да көрген жанмын
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Енді тәубәсіне келетін шығар” деп табалап жатқан, өмірде көрмеген дұшпандарыма айтарым: сендер түгілі достарым да жиі табалайды. Мен түрмеге тамақ тасыған “доссымақтарымның” да табасын да, сатқындығын да көрген жанмын…. “Дос” деп, “соның айы оңынан тусын” деп, дос үшін отқа да, суға да түскенде, сол доссымақтың да табасын, сатқындығын көрген жанмын… Табадан өлсем, осыған дейін өлер едім… мүмкін осы жолы сендердің табадан өлермін…
Өліп бара жатып, сендерге “құтты болсын!” айтып бара жатамын…
А так, тұмау, грипп сияқты, бұл аурумен ауырмайтын адам қалмайды. Мені табалап отырып, ертең өзіңнің күйің қалай боларын да ойлап қойсаң, артық болмайды…
Жер бетінде ең тәубәшіл екі адам болса, соның бірі – мен, жалғыз болса – соның өзімін. Такышто, менің тәубәшілдігіме басыңды қатырмай, өз тәубең өзіңде болса, соған қуанып отыра бер. Ұмытпа, ковид барлық адамға келетін ауру. Күндердің күні дәл осы ауруханада тынысың тарылып, қара терге малынып, суық суға қол жуып жатқанда, мені есіңе алатын боласың…
Тәубешілдік пен әділетсіздікті айырып үйреніңдер”, – деп жазды ол.