Сәуле Әбединова пәктігін саудалаған қыз жайлы: Сутенер Ләйлә мен қасындағы сақалдыны жауапқа тарту керек — Қазақстан жаңалықтары

0

Тележүргізуші, қоғам белсендісі Сәуле Әбединова пәктігін саудалаған қызды жария еткен «Өз ойым» бағдарламасының жүргізшісіЛәйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтайды сынға алды. 

Сәуле Әбединова пәктігін саудалаған қыз жайлы: Сутенер Ләйлә мен қасындағы сақалдыны жауапқа тарту керек

«Бірдеңесін сатам» деген қыз туралы да, оның сутенеры мен сутенершасы туралы да ештеңе айтқым келмеген. Түкке алғысыз топас бағдарламаны артық жарнамалағанша, елемей қояйын деген ой ғой баяғы. Алайда «Бірдеңесін сатқысы келген» аңқау, ақымақ студент қыз сутенерларының жазып берген, жаттатып қойған сөздерін айтқаны үшін оқудан шығып қалыпты.

Біреудің кесірінен тағы да жастай үзілген үміт, жоғалған арман, қиылған тағдыр. Адамды, жас баланы ақымақтығы үшін жазалауға болмайды. Ал сутенерларды жазалайтын заң бар. Бұл орайда Ләйлә және (қасындағы сақалдының аты кім еді…) екінші сутенер жауапқа тартылуы керек — жап-жас қызды алдап соғып, дүйім жұрттың алдында жария түрде «бірдеңесін» саудалағаны үшін!

Ал, ана ақымақ қызға бір мүмкіндік беріп, оқуына қайта қабылдаған дұрыс деп ойлаймын. Жас арманды, жас шыбықты, жас гүлді үзіп-жұлып тастауға асықпайық, ағайын, қолымыздан келгенше жайқалып өсіп-өнуіне ықпал етейік. Ләйләнің және сол сақалдының қыздары бар ма?  «Бірдеңесін» сатпай ма екен? Кез келген қазақ қызының абыройы, ар-намысы — ұлттың намысы, қазақтың абыройы!!! Осыны кеуіп қалған кәуәкбастарыңа құйып алыңдаршы», — деп жазды тележүргізуші парақшасында.

«Сәуленің пікіріне 100 % қосыламын .Қыздың абыройын ойлау керек. Ол да ақымақ. Айт дегенге айта сала ма? Ләйлә Сұлтанқызы енді қалай өзін ақтап алар екен?», «Жеткізетін жеріне жеткізе айтыпсыз», — дейді желі қолданушылары. 

Енді бірі «бар кінә қыздың өзінде» деп айыптады.

stan.kz