Сауль Канело Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Екінші орта дивизиондағы абсолют әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Instagram-да Suleimen Promotions парақшасында спортшының құттықтау видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«Наурыз құтты болсын, Қазақстан! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Баршаңызды құшақтаймын!» – деді қазақтың ұлттық бас киімі мен шапанын киген Канело.
«Әлемге әйгілі боксшы, абсолют чемпион, біздің досымыз Сауль (Канело) Алварес қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Ал Suleimen Promotions ұжымы қазақтың дәстүрі бойынша боксшының иығына шапан жауып, өз құрметтерін көрсетті», — делінген жазбада.