Сауль «Канело» Альварес пен Дэниэл Джейкобс төбелесіп қалды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары Сауль «Канело» Альварес пен Дэниэл Джейкобс 5 мамырда жұдырықтасады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) салмақ өлшегеннен соң болатын дәстүрлі «көз түйістіру» рәсімінде төбелесіп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Көз түйістіріп тұрған қос боксшы кенет бір-бірін итеріп, жанжалдаса бастағанда, екі команда мүшелері мен ұйымдастырушылар былғары қолғап шеберлерін тез арада ажыратып үлгерді. Сонда да «Канело» мен Джейкобс біраз уақыт сабасына түсе алмай, қайта-қайта ұмтылып, айбат шегумен болды.

Тағы оқыңыз: Головкин бапкерін ауыстырып, атын да «өзгертіп» жіберді

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Еске сала кетсек, «Канело» мен Джейкобстың жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena шаршы алаңында өтеді. Боксшылар үш чемпиондық титулға таласпақ — WBA Super, WBC және IBF.

Тағы оқыңыз: Геннадий Головкин туралы қызықты деректер: спорттық мансабы, отбасы, әлеуметтік желідегі парақшалары



sputniknews.kz