Сәуірде коронавируспен ауыратындардың саны артуы ықтимал – Бекшин

0
111

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин сәуір айында COVID-19 індетімен байланысты жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, сәуір айында аурудың өсуі жалғасады. Оған себеп коронавирустың мутацияланған штамдары. Сіз бұл вирустың ерекше екенін көріп отырсыз. Оның инкубациялық кезеңі өте қысқа.

Оның жұғу көрсеткіші жоғары. Сондықтан сәуірде наурызбен салыстырғанда өсім болады. Біз пессимистік және оптимистік болжамдар жасадық. Біз аурушаңдық өседі деп ойлаймыз», – деді Ж.Бекшин.

Бұған дейін, Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қаладағы қатаң карантин шаралары өз нәтижесін бермегенін айтқан болатын.