«Сауда үздігі — 2018» республикалық байқауы өтті

0

Байқауға Республиканың барлық өңірлерінен үміткерлер «Бөлшек сауда саласының үздік кәсіпорыны», «Үздік шетел кәсіпорыны (ҚР нарығында сауда кәсіпорынын дамытуда жеке табысы үшін шетел кәсіпорындарының басшыларына табысталады), «Көтерме сауда саласының үздік кәсіпорыны», «Үздік сауда базары», «Үздік сауда – ойын – сауық орталығы, кешен, сауда үйі» «Үздік жол бойы кешені және демалыс аймағы», «Үздік жыл басшысы» номинациялары бойынша қатысты.

Республикалық ведомствоаралық байқау комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес:

«Бөлшек сауда саласының үздік кәсіпорыны» номинациясы бойынша І орын — «Greenwich» бөлшек сауда желісі, Павлодар қаласы;

«Шағын форматты үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша І орын — «Барсукова» ЖК, Алматы облысы;

«Көтерме сауда саласының үздік кәсіпорыны» номинациясы бойынша І орын — «АгроОптСервис» ЖШС, Ақтөбе қаласы;

«Көтерме сауда саласының үздік өндірістік кәсіпорны»номинациясы бойынша І орын — «AB Invest Group», ЖШС Қызылорда қаласы;

«Үздік сауда базары» номинациясы бойынша І орын- «Дина» базары, Атырау облысы, Атырау қаласы;

«Үздік сауда ойын – сауық орталығы, кешені, сауда үйі» номинациясы бойынша І орын — «Ярлин» СҮ Алматы облысы, Чунджа ауылы;

«Үздік жол бойы кешені» номинациясы бойынша І орын — «Гейдарова Г.» ЖК, Қызылорда қаласы;

«Үздік демалыс аймағы» номинациясы бойынша І орын«Тау Жетысу» демалыс аймағы Алматы облысы, Ескелді ауданы;

«Жылдың үздік басшысы» номинациясы бойынша І орын Шуатаева Төлеш Рамазанқызы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы иеленді.

Ал, гран-при иегері Павлодар қаласынан қатысқан «БАТЫР-Павлодар», серіктестігіне бұйырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы