Сауда орталығында кішкентай қызды тепкен шетелдік азамат 2 айға қамалды
Алматы облысы Қарасай ауданының тергеу соты сауда орталықтарының бірінде төрт жасар сәбиді тепкен Түркия азаматына қатысты бұлтартпау шарасын таңдады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов хабарлады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне баланы тепкен ер адам екі ай мерзімге қамауға алынды», — деп жазды Бауыржан Әленов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«Іс бойынша тергеу барысы менің қатаң бақылауымда. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде жария етуге жатпайды», — деп атап өтті ведомство басшысы.
Ақпарат, фото: Nege.kz