Сауд Арабиясының билеушісі Салман бин Абдуләзиз жаңа сыртқы істер министрін тағайындады

0
86

Саудиялық журналист Жамал Хашоггидің өлімі Эр-Риядтағы билік өкілдерінің ауысуына әкелді.

Бейсенбі күні өткен жиын барысында Сауд Арабия билеушісі Салман бин Абдуләзиз бірнеше министрлердің орынын ауыстырған. Сонымен қатар, Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі ретінде әл-Ассафтың орынына Әділ әл-Жубейра тағайындалды.

Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығына кіріп, кері шықпаған журналист Жамал Хашоггиге іздестіру басталған болатын. Арада бірнеше күн өткеннен кейін, Washington Post басылымында белсенді түрде қызмет еткен Хашоггидің өлі денесі бөлшектеліп құдықтан табылған болады. Қазіргі таңда Түркияның ұзақ мерзімді тергеу жұмыстары мұның арнайы жоспарлы түрде жасалғандығын анықтаған. Қайғылы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Сауд Арабиясының 18 шенеунігі тұтқындалып, оларға қатысты сот процессі жүруде. Бұдан бөлек, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның да қатысы бар екендігі анықталуда.

АҚШ Президенті өзінің экономикалық серіктесін жоғалтпау мақсатында тақ мұрагерінің бұл іске қатысы жоқ деп мәлімдеген болатын. Алайда, демократтар Трамптың айтқанына сенімсіздікпен қарап отыр.

Сауд Арабиясындағы билік өкілдерінің ауысуы әлі де жалғаспақ. Ал, тақ мұрагерінің биліктен кету, кетпеуі болашақта анықталатын болады.

«The Qazaq Times»