Сауд Арабиясы мен АҚШ Ресейге неге қысым жасап жатыр

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тәулігіне 13 миллион баррельге арттыратынын хабарлады, ал АҚШ ресейлік компанияларға қысым жасау жолдарын қарастыратынын жариялады

Нәтижесінде көтеріле бастаған мұнай бағасы тағы түсті. Үш елдің арасындағы жағдай туралы колумнист Алексей Мухин баяндайды.

Эр-Рияд пен Вашингтон мақсатты түрде мұнай бағасы, валютамен айла-шарғы жасап, Мәскеуді әлемдік энергетика нарығынан шығарып, Ресейдегі саяси жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып жатыр.

Айта кетейік, ОПЕК келісімін бұзу Сауд Арабиясының Ресейге жасаған ультиматумынан басталды.

Ресей Сауд Арабиясының ұсынысынан бас тартқаннан кейін, Сауд Арабиясы өндіріс көлемін тәулігіне 12,3 миллион баррельге арттыратынын айтты, соның салдарынан нарық құлады.

Ресей коронавирустың әсерінен сұраныста өзгерістердің бар екенін ескеріп, серіктестермен ымыраға келуге дайын болды. Сондай-ақ, бопсалауға көнбейтінін айтты.

Үш жыл бұрын Ресей нарықты тұрақтандыру мақсатында келісімге келді. Белгілі бір уақытта сол келісімнің жағымды тұсы басым болды. Келісімді әрі қарай жалғастыру Сауд Арабиясымен бірлесе қымбатырақ америкалық тақтатас мұнайымен араласып жүрген арзан мұнайды нарықтан шығарып тастады. ОПЕК толығымен америкалық өндірістің өсуі арқылы өз шығынын өтеп алды. 2016 жылы тақтатас өндірісі құлдыраудың алдында тұрған болатын. Бір кездері Сауд Арабиясы Ресейдің энергетика министрлігімен келісімді ұзартуға тырысты. Мұны Saudі Aramco мемлекеттік компаниясының акцияларын бір қалыпқа түсіру үшін қажет болды. Нәтижесінде, келісім ұзартылды.

ОПЕК келісімі күшінде кезде Американың тақтатас өндірісі қайтадан пайда әкеле бастады. Экспорт инфрақұрылымын құру аяқталды. Батыс агенттіктерінің пікірінше, ОПЕК өндірісін шектеу АҚШ-тың тақтатас өндірушілері үшін құтқарушы факторға айналды, себебі құлдыраудан аман қалып, өндіріс қайта өсті. Citigroup сарапшылары 2023 жылға қарай Пермияның ең ірі кен орнының өндірісі 60 процентке өседі деген болжам жасады. Бір бассейннің өзі Сауд Арабиясын есепке алмағанда, ОПЕК-тің барлық мүшесі өндіретін мұнайдан көп өнім береді.

АҚШ пен Сауд Арабиясының аталған барлық жетістігі ОПЕК келісімінің құрамында Ресейдің болуымен тікелей байланысты. Неге бұл ұсыныс дәл қазір жасалды? Сауд Арабиясының бірден бағытын өзгертуі Вашингтонмен келісімге келуінен емес, тапсырысты орындауы болып саналады. Бұған америкалық шенеуніктердің мәлімдемелері дәлел бола алады.

Сауд Арабиясы Ресейге ультиматум ұсынған кезде Мәскеудің бұл ұсыныстан бас тартуға батылы жетпейтініне сенімді болды. Тек нарық, экономикалық жақтан ғана емес, сонымен қатар саяси себептерге байланысты бас тартпайды деп санады. Расында да, Ресей мұнай бағасының түсуі мен рубльдің құнсыздануынан тууы мүмкін әлеуметтік-саяси тұрақсыздық қауіпін ескеріп ұсыныстан бас таптпайды деген ой болды.

Бопсалаудың мәні неде? Не америкалық тақтатас мұнайын субсидиялауды жалғастырады, я болмаса экономикалық және саяси зардап келтіре отырып нарықты жойып жібереді деген екі таңдау болды. Осы тұста Сауд Арабиясы Америка мүддесін жақтаушы болып отыр, ал Америка ішкі саяси жағдайды пайдаланып Ресейдің ішкі саясатына ашық түрде араласып отыр.

Қазір АҚШ әкімшілігі тақтатас мұнайын өндірушілерді қолдау шараларын талқылап жатыр. Ал Сауд Арабиясы алдағы уақытта елдегі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіретін бюджет тапшылығына тап болуы мүмкін. Батыс сарапшылары Сауд Арабиясына қарағанда бұл жағдайда Ресей жеңімпаз болып шығады деп болжап отыр. Алайда Сауд Арабиясы диалогқа оралмайынша, бұл мәселе бірнеше күнде немесе бірнеше айда шешілмейді. Ал Ресей диалогқа келуге дайын.ф



sputniknews.kz