Сауд Арабиясы ханшайымы сантехникке ойына келгенін істегені үшін сотталып жатыр

0
51

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекеттік айыптау патша отбасының мүшесін жарты жыл түрмеге қамауды сұрайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Тақ мұрагері, ханзада Мохаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман ханшайым Францияда сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеу мәліметі бойынша, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы мысырлық жұмысшыға жәбір көрсетіпті – ұрып-соғып, ханшайымның алдында тізерлетіп, аяғынан сүюге мәжбүрлеген. Сантехниктің бар жазығы – ханшайым мен оның Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген екен.

Оқиға 2016 жылдың күзінде болған.

Тағы оқыңыз: Сауд Арабиясының ханзадасы бостандыққа шығу үшін бір миллиард доллар төледі

Айыптауға сүйенсек, Хасса бинт Салман ханшайым қолындағы билігін асыра пайдаланып, сантехникке озбырлық жасаған. Прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро айыппұл салуды сұрайды.

Ханшайымның оққағарын сегіз ай шартты түрде қамауға алып, бес мың еуро айыппұл салуы мүмкін.



sputniknews.kz