Сауд Арабия тақ мұрагері Алжир басшысымен кездесе алмады

0

Алжир президенті Әбдел Әзиз Бутефлик сырқатына байланысты Сауд Арабия тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен кездесе алмады. Бұл туралы Алжир басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұхаммед бин Салман өткен түнде екі күндік сапармен Алжир мемлекетіне келген болатын.  Хуари Бумедьен Халықаралық әуежайынан түскен тақ мұрагерін үкімет-министрі Ахмет Уяхья және билікте отырған бірнеше шенеунік қарсы алды.

Танымал саудиялық журналист Жамал Хашоггидің өлімінен кейін алғаш рет шет елге турнеге шыққан Мұхаммед бин Салман бұған дейін Тунис, Біріккен Араб Әмірлігі,  Бахрейн, Египет, Мавритания еліне сапарлай барған еді. Бірақ, Тунис елінің халқы мен оппозиция өкілдері ханзаданы құшақ аша қарсы ала қоймады.  Тіпті қолдарына түрлі плакаттар алып көшеге де шыққан болатын. Осы оқиғадан кейін Алжир елі де тақ мұрагердің сапарлай келу жоспарынан бас тартқан еді.  Алайда, арада біраз уақыт өткеннен соң тақ мұрагері Алжир мемлекетіне жоспарлаған саяхатын орындай білді.

Қазіргі таңда Алжир елі Сауд Арабия басшысының келуімен ынтымақтастықты арттырамыз деп мәлімдеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Стамбулдағы Сауд Арабия консулдығына кіргеннен кейін жоғалған Жамал Хашоггидің өлі денесі бірнеше күннен кейін бөлшектеліп табылған болады. Washington post басылымымен етене жұмыстар жүргізген журналисттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 18 адам қамауға алынды. Сондай-ақ, бұл іске тақ мұрагерінің тікелей тапсырма бергендігі анықталу үстінде.

The Qazaq Times”