Сауалнамаға қатысып, 350 мың теңге алуға болады
Қысқа сілтеме алу
Мессенджерде сауалнамаға қатысып, ақша алуға болатыны туралы ақпарат алуға туралы ақпарат тарап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі ақылы сауалнамаға байланысты түсініктеме берді.
Жексенбі күні желіде экономика министрлігінің «ақпараты» тарап кеткен болатын. Тұрғындарға сауалнамаға қатысып, 350 мың теңге алуға болатыны айтылған.
«Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Оның ұлттық экономика министрлігіне еш қатысы жоқ», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: «Ақша мен үйді тартып алуы мүмкін»: желіде Назарбаевтың сөзі тарады
Ұлттық экономика министрлігінің жұмысы туралы ресми ақпаратты ведомствоның сайтынан білуге болады.
Бұған дейін елдегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесі Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі жанындағы сарапшылық кеңес отырысында талқыланды. Қатысушылар елде жалған ақпарат таратуға шара қолдану мәселесіне назар аударды.
sputniknews.kz