«Сау әйелден саналы ұрпақ туады»: Фариза Төреәлі ер адамдарға ақыл айтты
Танымал блогер, кәсіпкер, коуч Фариза Төреәлі жүкті келіншектерін ренжітетін ер адамдарды сынады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогердің айтуынша, жүкті әйелдер өздерінің денсаулықтарын күтіп, дені сау баланы дүниеге әкелуі керек.
“Жақындарыңыздан жүкті әйел болса оған максимум қолдау білдіріп көп жақсы сөз айтыңыздар, әсіресе ер адамдардың назарына. Жақсы, саналы, психикасы қалыпты, дені сау, тыныш ұрпақ қаласаңыз, әйеліңізді мәпелеңіз, көңіл-күйіне мән беріңіз, стресске түспеуін қадағалап көп ашық сөйлесіңіз. Себебі барлығы жүктілік кезден бастау алады. «Ол бала әлі өмірге келмеген, ештеңе білмейді, естімейді, есінде қалмайды да ғой» деп ойлауы мүмкін көбі. Ол – үлкен қателік. Баланың бейсанасында бәрі жазылып жатады, солай программасы қалыптасады, болашақ өміріне кейін әсер ететін дүниелер құрсақтан басталады. Тіпті әйелдің жаман көңіл-күйіне әсер еткен ситуация құрсақтағы баланың бейсанасына әсер етіп, кейін дүниеге келіп есейген соң оның өміріне кері әсерін берген жағдайлар өмірде өте көп кездеседі”, – дейді Фариза.
Сондай-ақ блогер жүкті келіншекке айтар кеңестерін де жіпке тізді.
“Иә, үлкен жауапкершілік болғасын саналы түрде ана болуға дайын болу керек деп ойлаймын. Мынаны есіңізге сақтаңыз: Аллаға жақындаңыз, өте көп дұға етіңіз. Жүкті әйелдің дұғасы қабыл. Жаман әдеттерден арылыңыз, бос әңгіменің орнына жақсы білім алыңыз. Тек позитивті жаңалықтар естіңіз, негативтен максимум аулақ болыңыз! Сізге рахат алып келетін істермен шұғылданыңыз, бақыт гормондары көп бөлінеді. Көбірек руханиятқа мән беріңіз: намаз, салауат, дұға, зікір айтыңыз. Баламен көп сөйлесіңіз, ол бәрін сезеді. Сәбиіңіз үшін дұғаларды тоқтатпаңыз, ата-ананың балаға деген дұғасы қабыл”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары блогердің жазбасын қолдап, түрлі жағымды пікір жаудырып жатыр.
Еске салайық. блогердің ер адамды қолдау туралы жазбасы сынға қалғанын жазған едік.