Сатыбалды мен Әбішті «мемлекеттік күзет қызметі» күзетпейді
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Шыңғыс Арынов Orda.kz тілшісіне Елбасының жиендері Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбішті «Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері күзетпейтінін» хабарлады.
Тұңғыш президент туралы Конституциялық заңға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның отбасы мүшелеріне «Мемлекеттік күзет қызметі» арнаулы мемлекеттік күзеті қызмет етеді.
Орган ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштеріне жатады және әскери құрылым болып табылатын ерекше мақсаттағы күштерге ие. «МКҚ» ел президентіне бағынады және есеп береді.
Мемлекеттік күзет қызметі адамдар мен мемлекеттік маңызы бар насандарды күзетеді. ҚР МКҚ негізгі міндеттері:
- ҚР президентінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз ету;
- ҚР президенті тізімін бекітетін лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- күзетілетін нысандарда және күзетілетін адамдар болатын жерлерді қорғау, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
- нысандар мен күзетілетін адамдарға төнетін қатерлерді кейіннен бейтараптандыра отырып анықтау;
- терроризмге қарсы іс-қимыл;
- ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін қорғау.