Сатушының ақылын тыңдаған ер адам миллионер атанды — Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Австралия штаты Баллахура елді мекенінің тұрғыны сатушы әйелдің ұсынысымен лотерея билетін сатып алып, джекпот ұтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам лотерея билетін сатып алу үшін дүкенге кірген. Билеттің бағасы дүкен белгілеген ең төменгі сатып алу мөлшеріне сәйкес келмеген, сондықтан сатушы лотерея билетін лезде алуға кеңес береді. Сатып алушы бұған дейін мұндай билеттерді сатып алмағанына қарамастан келіседі.

Лотерея билетінен ер адам 70 мың австралиялық доллар (19 млн теңге) ұтып алды. Жеңімпаз ақшаны оқуын аяқтап, Австралия азаматтығын алуға жұмсайтынын мәлімдеді.

«Ал бүгін мен өзім үшін мереке ұйымдастырып, томагавк стейкін жеймін», — деді ол.

Сонымен қатар, ол сәтті билетті сатып алуға кеңес берген сатушы әйелге алғыс ретінде бір қорап тәтті мен 200 доллар (55 мың теңге) берген. 

stan.kz