«Сәтті Жұлдыз» жыл қорытындысын шығарды

0
90

900 000-нан астам жеңімпаз бен 1 мил­лиардтан астам теңге жүлделі төлемдер. Қазақ­­стан­дық ұлттық лотерея операторы «Сәтті Жұлдыздың» 2018 жылдағы бастап­қы нәтижелері осындай. Еліміздегі жаңа миллио­нер­лердің саны қарқынды түрде өсіп келеді.

«Бұл жыл бізге негізімізді қалаушы және өте маңызды болды. Осы жылдың наурыз айында біз өзіміздің негізгі орталық жүйеміз − «AEGIS»-ті толық көлемде іске қостық. Сол сәт­тен бас­тап еліміздегі қазіргі лотереяның есе­бі бас­талды деп айтса да болады», − деп бө­ліс­ті «Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті Александр Тен.

2018 жылы «Сәтті Жұлдыз» АҚ негізгі «AEGIS» IT-жүйесінде лездік лотереяның 3 түрін және тираждық лотереяның 4 түрін іске қосты. Лотереялық есеп беру орталығы деп аталатын аппараттық-бағдарламалық кешен Реттеушіге нақты уақыт режімінде сатылып жатқан лотерея билеттері жайлы ақпаратты алып отыруға мүм­кіндік береді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тұлғасындағы мем­лекеттік реттеуші, арнайы құрылған IT-ин­фра­құрылым көмегімен республика бойынша бар­лық лотерея билеттерінің сатылымын тұтастай бақылап, сәйкесінше қазақстандық бюджетке түсетін кіріс пен жеңімпаздарға ұтыстардың төленуін қадағалап отырады.

«LOTO 6/49», «KENO», «777» тираждық ойын­дары және «Жомарт 3» пен «777» лездік лотереялары наурыз айында іске қосыл­ды, 25 сәуір күні өнім қоржыны «3 Алмаза» лездік лотереясымен толықтырылды, ал Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға жаңа «TeleBingo» ойыны ұсынылды. Толық емес бір жыл ішінде лотерея 2 миллиардтан астам теңгеге билеттер сатқан. Компанияның айтуы бойынша, табыстың сыры ойнатылымдарды өткізудің айқындығы және ең маңыздысы − инновациялық технология­ларда жатыр. Айта кететін жайт, «Сәтті Жұлдыз» ойнатылымдарының адалдығы мен кездей­соқтығын әлемдегі ең беделді 2 лотерея­лық қауымдастық – Еуропалық ELA және дүние­жүзілік WLA растады.

Лотерея қауымдастықтарының негізгі талап­тарының бірі болып компанияның әлеу­меттік жауапкершілігі табылады. 2018 жылы «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотерея операторы Спортты дамыту қоры мен Ұлттық олимпиада комитетіне ойынның жалпы табысының 15%-ы көлеміндегі мақсатты аударымдарды аударды.

«Өздеріңіз білетіндей, заң бойынша сатылым мен жүлде қоры арасындағы айырма­шы­лық­тың 10%-ы спортты дамытуға аударылуы керек. Біздің компания өзіне көтеріңкі міндеттемелер алып, 15% аударады. Қазірдің өзінде 50 миллион теңгеден аса сома аударылды, ал 2018 жылдың нәтижесі бойынша бұл сан 70 миллион теңгеден асады деп ойлаймын», − деп мәлімдеді Александр Тен.

Лотерея саласындағы 2 жылға жуық үзіліс Қазақстан бойынша мыңдаған лотерея билет­терін таратушылардың жұмыс орындарын ауыс­тыруына әсер етті. Жаңа «Сәтті Жұлдыз» лотерея операторының пайда болуымен олардың көбісі бұрынғы жұмыстарына, тек басқа ком­панияға қайта оралуда. Қазақстанда лотерея нары­ғының дамуымен осы салада жұмыспен қамтамасыз етілген халықтың да саны артты. Шамамен 3000 қазақстандық азамат лотерея саласында қызмет етеді, соның арасында шағын және орта бизнес иелері де бар.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ президенті Александр Теннің сөзіне сүйенер болсақ, 2018 жыл Ұлттық лотерея операторы үшін табысты болды. Келесі жылы компанияның өнім қоржынын толықтырулар және қазақстандықтарға төленетін төлемдер мөлшерінің бірнеше есе көбеюі де күтілуде.

Дереккөз: http://egemen.kz/