Сәтсіз келісім

0
1782

Бүгін Ресей мен Украина делегациясы келіссөздердің 3-раундын өткізді. Тараптардың сөзіне қарағанда, негізгі мәселе бойынша тағы келісе алмаған сыңайлы. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Бүгін Беларусьте Ресей мен Украин делегациясы арасындағы келіссөздің 3-раунды өтті. Келіссөз 3 сағаттан астам уақытқа созылғанымен, тараптар нақты тоқтамға келе алмады. Тараптар тек гуманитарлық дәлізге қатысты белгілі бір келісім жасай алған. Ал саяси және әскери мәселеге қатысты келісімге келе алмады. Жақын күндері келіссөздердің 4-раунды өтуі тиіс.

Ресей делегациясының басшысы әрі В.Путиннің көмекшісі В.Мединский «келіссөз нәтижесіне көңілім толмады» деді. Өйткені Украин делегациясы «ақылдасу үшін» құжаттарды Киевке алып кеткен.