Сәтпаевтағы жанармай бекетінде кассир әйелді өлтіріп кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

37 жастағы жезқазғандық келіншек жанармай бекетінде кассир болып істеген

ҚАРАҒАНДЫ, 20 мамыр — Sputnik. Қарағанды облысының полициясы Сәтпаев қаласында жанармай бекетінің кассирін қатыгездікпен өлтіріп кеткен қылмыскерді іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жантүршігерлік қылмыс 16 сәуірде түнде жасалған. 37 жастағы келіншектің денесін жанармай бекетіне келген клиенттердің бірі тауып алып, полицияны шақырады.

Тағы оқыңыз: Шымкентте лифтінің ішінде әйел адамның мәйіті табылды

Мәйітті қарап шыққан мамандар әйелдің маңдайы бірнеше рет шабылғанын айтты. Келіншектің артында бес баласы қалған көрінеді.

Әйел адамға неге шабуыл жасалғаны белгісіз. Болжам бойынша, бекетті тонау үшін өлтірген болуы мүмкін, себебі кассадан ақша жоғалыпты.

Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыскердің іздестіріліп жатқанын растады. Бақытжан Құдияровтың айтуынша, осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Облыс полициясының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылып, ең тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел топ құрылды.



sputniknews.kz