Сатаев Назарбаев туралы жаңа фильмнің постерін көрсетті — Кино

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің постерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Достар, мақтанышпен және қуанышпен «Көшбасшы жолы. Астана» фильмінің ресми постерін ұсынамын. Жуырда Еліміздің барлық кинотеатрында», — деп жазды режиссер Instagram парақшасында.
Ақан Сатаевтың хабарлауынша, фильмнің негізі елорданың құрылу тарихында. Оның айтуынша, фильмдегі оқиғалар 1994 жылдың шілдесінен бастау алады.
«Барлық қатер мен қарама-қайшы пікірлерге қарамастан, астананы көшіруді бастау туралы шешім қабылданды. Күдіктерді, күмәншілдердің сынын, қаржылық қиындықтарды жеңіп, Президенттің басшылығымен бүкіл ел діттеген мақсатқа жетті», — деп жазды режиссер.
Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаев Президент туралы жаңа фильмнің кадрларын көрсетті.