«Сасық орыс, ауызыңды жап»: Желіде орыс ұлтына тіл тигізген қазақстандық блогердің үстінен іс қозғалды

0

Қазақстандық блогер Дана Орманбаеваның үстінен әлеуметтік желіде орыс ұлтын түрлі балағат сөздерімен қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дана Орманбаеваның Instagram желісінен Алена Панамареваға қарсы түрлі сөздер айтып, балағаттаған жазбаларын көруге болады. Мұнда ол сонымен қатар орыс ұлтын да түрлі сөздермен қорлауға тырысқан.

“Орыстың аты қойылған сүмелек Алена, Қазақстанның заңымен жазаланатын боласың. Мен сенің сасыған ортаңда өстім. Сасық екеніңді мойында. Сен маған бай қазақтың қорасындағы сүмірейген қоянды есіме саласың. Саған қазақтарға жету айға жетумен тең. Оңбаған орыс, ауызыңды жап, жаппасаң қазақтар сенің парақшаңды жабады”, – делінген Орманбаеваның жазбаларында.

Фото Дана Орманбаеваның Instagram желісінен

Осыған байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті Орманбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

“Алматы қаласы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д.Орманбаева азаматшаның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, – делінген хабарламада.