Сарышаған стансасында көмір қоймасы отқа оранды

0

2018 жылғы 9 желтоқсан 13:22 173

Сарышаған стансасында көмір қоймасы отқа оранды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — 9 желтоқсанға қараған түнде Сарышаған стансасындағы орта мектептің көмір қоймасында өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағат 00:10-да өрт туралы хабар келіп түскен бойда Сарышаған стансасына өрт сөндіру пойызының жеке құрамы жіберілді.

Ауданы 90 шаршы метр қоймада 60 тоннадан астам көмір болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен екі жарым сағаттай алысып, 02:40-та толықтай сөндірді.

Өртті сөндіруге өрт сөндіруші пойыздың 7 қызметкерінен тыс, 12 жергілікті теміржолшы да қатысты. Көмірді шығаруға трактор жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz