Сарышаған полигонында Ресей зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді

0

Ресейдің қорғаныс министрлігі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің кезекті сынағының видеосын жариялады

Қазақстанның Cарышаған полигонында жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі сынақтан өткізілді.

Кадрларда зымыранның ұшырылған сәті жан-жақтан түсірілген.

Ресейдің қорғаныс ведомствосының YouTube арнасында жазылғандай, «зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі әуе-ғарыштық күштердің қару-жарағына жатады, әуе-ғарыштық шабуыл құралдарының соққысынан қорғануға арналған».

Тағы оқыңыз: Байқоңырдағы зымыран апаты: министрлік түсініктеме берді

«Жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі бірнеше сынақтан өткен соң, сипаттамаларға сәйкестігін дәлелдеп, нысанаға дәл тиіп, қойылған тапсырманы орындады», – делінген хабарламада.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз