Сарышаған полигонында Ресей зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді

Ресейдің қорғаныс министрлігі зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің кезекті сынағының видеосын жариялады
Қазақстанның Cарышаған полигонында жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі сынақтан өткізілді.
Кадрларда зымыранның ұшырылған сәті жан-жақтан түсірілген.
Ресейдің қорғаныс ведомствосының YouTube арнасында жазылғандай, «зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі әуе-ғарыштық күштердің қару-жарағына жатады, әуе-ғарыштық шабуыл құралдарының соққысынан қорғануға арналған».
Тағы оқыңыз: Байқоңырдағы зымыран апаты: министрлік түсініктеме берді
«Жаңа зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі бірнеше сынақтан өткен соң, сипаттамаларға сәйкестігін дәлелдеп, нысанаға дәл тиіп, қойылған тапсырманы орындады», — делінген хабарламада.
sputniknews.kz