Сарыкөл ауданында екі ер адам тірідей өртеніп кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алдын ала болжамға сәйкес, қайғылы оқиғаға өрт қауіпсіздігінің сақталмауы себеп болуы мүмкін

АЛМАТЫ, 19 тамыз — Sputnik. 20 және 51 жастағы екі ер адам шөп шабатын жердегі «времянка вагонда» тірідей өртеніп кетті. Оқиға Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Қоскөл елді мекенінде болған.

Алдын ала болжамға сәйкес, қайғылы жағдайға өрт қауіпсіздігін сақтамау немесе төсекте темекі шегу себеп болуы мүмкін.

Өрт таңғы сағат бес кезінде болды, деп хабарлайды «Наша газета» интернет басылымы.

Көрші вагондағылар өртті көрген кезде тым кеш болған. Олар жалын тарап кетпеуі үшін вагонды өзге вагондардан алшақ жылжытқан. Өрт аумағы — 15 шаршы метр.

Тағы оқыңыз: «Анашым, біз жанып жатырмыз»: бес қызынан айырылған ата-ананың әңгімесі

Оқиғаның нақты себебін алдағы уақытта өртке қарсы қызмет мамандары анықтайды. Қазір өрт-техникалық сараптама белгіленген. Төсекте темекі шегу өрттің негізгі себебі ретінде қарастырылып отыр.

Қостанай облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті соңғы уақытта ауылда өрт жиілегенін айтады. Өйткені қазір шөп дайындау науқаны қызған. Өрттің басты себебінің қатарында темекіні сөндірмей лақтыру, ұшқын сөндіргіші жоқ трактор қолдану бар. Аптап ыстықтан құрғақ шөп лезде жанады.



sputniknews.kz