«Сарыағаштың келіні»: Динара Сәтжан абысындарымен бірге қамыр жайып, жұртты таңғалдырды

Танымал журналист, продюсер Динара Сәтжан Сарыағашқа барып, келіндік қызмет жасады. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Медиа маманы үй жағдайында қамыр жайып, қонақ күтіп жатқан видеосын жариялады.
“Сарыағаштағы атмосфера. Абысындардан мастер-класс”, – деп жазды продюсер.
Желі қолданушылары журналистің жеке өмірін қызу талқылап жатыр.
“Астанаға келгенде қамыр жайып, қонаққа шақырғаныңды күтеміз”, “Динара Сатжанның қолынан шай ішсек”, деген ағайын-туыс көп шығар?!” “Абысындары да шетінен “сэнсай” екен”, “Сарыағаштың келіні болу сізге жарасып тұр”, «Сіргеліге келін», «Динаражан, бақытыңыз баянды болсын» – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, журналистің бір күндік образы 200 миллион теңге тұратынын кеткенін жазған едік.