Сарыағаштағы кеден бекетінде заңсыз дәрі-дәрмек алып өтпек болған тұрғын ұсталды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 23:52 181

Сарыағаштағы кеден бекетінде заңсыз дәрі-дәрмек алып өтпек болған тұрғын ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат — Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылар 19 жастағы қазақстандықты ұстады. Ол «Тойота Камри» автокөлігімен Өзбекстаннан жалпы салмағы 47,2 кг дәрі-дәрмекті ешқандай құжатсыз әкеле жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, көрші елден келген жолаушының жүгі «Қапланбек» кеден бекетіне тапсырылды.

Ал, батыстағы Бейнеу шекара отрядына қарасты «Тәжен-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылар заңсыз спирттік ішімдік тасымалдаған азаматты ұстады. Өзбекстаннан келе жатқан 32 жастағы жүргізуші «Лада Ларгус» автокөлігімен 35 литр спирттік ішімдікті заңсыз әкеле жатқан. Алкогольді сусынды шекара қызметі тәркілеп, «Тәжен» кеден бекетіне тапсырылды.

Сол сияқты қордайлық шекарашылар «Қордай-авто» өткізу бөлімшесінде Қазақстаннан Қырғызстанға қарай жаяулатып кетіп бара жатқан 46 жастағы азаматты және 29 жастағы қырғызстандықты ұстады. Олар да ешқандай рұқсат құжаттарынсыз 200 кг көлеміндегі тоңазытылған форель балығын өздерімен алып өтпек болған. Өзен байлығы тәркіленіп, Қордай аудандық ветсанитарлық инспекциясына өткізілді.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz