Сәрсенбіде елдің басым бөлігінде аяз болады




Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігі антициклон әсерінде болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.
Солтүстік аудандардан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, оңтүстік-шығыста жел сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, батысында көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.
Aлматы облысының кей жерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Aқмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ