Сарсаңға салған салық: Instagram-дүкендерге кезек келді

Қазақстанда Instagram-дүкендердің кірісін тексеру басталды. Бұл туралы белгілі салық кеңесшісі, «Қазақстан салықтары» ЗТБ басшысы Екатерина Ким мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz .
Бұл, әрине, өте өкінішті, өйткені олар біздің 2022-2023 жылдардағы жеке шоттарымызды тексере алмайды, өйткені бізде 2024 жылдан бері жалпыға бірдей декларация бар. Тиісінше, тексерулер тек 2024 жылы болуы мүмкін. Негізінде, бұл рұқсат етіледі және ол тек салықтық тексеру арқылы жүзеге асырылу керек. Камералық бақылау аясында дәл осылай келіп салыстыруға болмайды.
Ондай хабарлама келсе сотқа шағымдана аласыз. Түсіндірмеде жеке шоттардың әрбір сомасы бойынша толық көрсету қажет. Сіз кәсіпкерлік қызметтен түсімдеріңіз жоқ екенін растауыңыз керек, — деді ол.
ТАРИХ
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының ортасында қазақстандық блогерлер қомақты сомада салық берешегі туралы хабарлама ала бастады. Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғаға қатысты 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздіктер анықталды.
Артынща Қазнетте мемлекетке қарызы бар делінген белгілі медиа тұлғалардың тізімі пайда болды.