Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты – Президент әскердегі тәртіпсіздік туралы

0

Мемлекет басшысы әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет екенін атап өтті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы жылдары еліміздегі сарбаздардың әлімжеттіктің құрбаны болып, денсаулығынан айырылып жатқаны көпшілікті алаңдатты. Тоқаев осыған байланысты әскерде темірдей тәртіп орнату керегін алға тартты.

“Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», – деді президент.