сараптама менен тыйым салынған зат таппады

0

Қазақстандық шаңғышы өз аузымен айтып берді.

Бірнеше күн бұрын Австрияда ұсталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин тыйым салынған заттар қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

– Алексей, қазір қайдасыз, Қазақстанға қашан ораласыз?

– Қазір отбасыммен біргемін. Жақын арада Отаныма ораламын.

– 27-ші ақпан күні не болды?

– 27-сі күні таңғы жаттығудан кейін мен біздің команда орналасқан үйге келдім, сол жерде мені полиция ұстады.

– Сізді қан құйып жатқан жеріңізден ұстады дейді. Бұл рас па?

– Жоқ, өтірік. Мен қан құйған жоқпын.

– Полиция учаскесінде қандай жағдайда болдыңыз?

– Салқын жертөледегі, түгі жоқ камерада болдым. Сол сәттері мен тек бостандыққа шығып, үй-ішіме оралуды ғана ойладым.

– Енді не істейсіз? Кінәңіздің жоқ екенін дәлелдейсіз бе?

– Түрмеде алған психологиялық соққыдан арылғым келеді. Мен тапсырған анализдердің бәрі көрсеткендей, мен тыйым салынған заттар қолданған жоқпын. Мен тыйым салынған әдіс туралы ойладым, бірақ оған жүгінген жоқпын. Мені дер кезінде тоқтатты, сондай ойым болғаным үшін өкінемін.

– ҚР СІМ қандай қолдау көрсетті?

– Шұғыл көмектер жасалды. СІМ өкілі мені әуежайға шығарып салып, билетпен көмектесті.

– Серік Сәпиевпен не туралы сөйлестіңіздер?

– Ия, байланысқа шықтым. Ол маған моральдық қолдау көрсетті. Мен үшін қазір қолдаудың болғаны өте маңызды.

– Сіз үшін алаңдап отырған жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?

– Қолдау көрсеткендері үшін алғысымды айтамын! Мен спортта жетістікке жету үшін, Қазақстанның туын көтеру үшін талай жылдар бойы аянбай тер төгіп, жаттығумен болдым.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz