Сарапшылар тоңазытқышта сақтауға болмайтын өнімдерді атады – Қазақстан жаңалықтары

0
76

Кез келген өнімді тоңазытқышта сақтауға болмайды. Мұндай мәлімдемені неміс сарапшылары жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

холодильник

Өздерінің Die Welt басылымына берген сұқбатында мамандар картопты, цитрус жемістерін, манго және бананды тоңазытқышта сақтауға кеңес бермейтінін айтыпты. Сөздерінше, құрылғының есігінде тез бұзылмайтын жұмыртқа, май, шырындар мен сүт, дәмдеуіштерді сақтаған жөн. Бұған қоса ірімшік, йогурт секілді сүт өнімдерін тоңазытқыштың жоғарғы сөресінде, ал балық, ет, құс еті мен теңіз өнімдерін астыңғы жағында сақтаған әлдеқайда дұрыс. Сарапшылар сондай-ақ соңғыларын мұздатқышта да сақтауға болатынын ескертті.

Мамандар тоңазытқызқа салар кезде өнімдерді сақтайтын ыдысқа мән берген жөн дейді. Мысал ретінде олар әйнек және фарфор құтылар мен бұйымдарды атап өтті. Сөздерінше мұндай ыдыстардан зиянды заттар бөлінбейді.

Сонымен қатар сарапшылар тоңазытқышты айына бір рет тазалап, жуып тұруды алға тартты.

stan.kz