Сарапшы: мұнай баррелі 147 долларға жетуі мүмкін
Әлемде болып жатқан әрбір оқиға қайсыбір елдің экономикасына әсер етуі мүмкін. Соңғы жылдары жер бетін жайлаған коронавирустың өзі қаншама өзгерістер әкелді. Оның ішінде мемлекеттің ең үлкен қазынасы азаматтардың аурудан өлуін санамағанда, орта және шыған бизнестің құлдырауы, жұмыссыздықтың көбеюі, ауыл-аймақтағы интернет сапасының нашарлығы секілді мәселелердің шеті көрінген еді. Қазақстанда ғана емес жер жүзінде орын алған жайттардың санында шек жоқ. Бұл тек кемшіліктер ғана, шекаралардың жабылуы, карантин шараларының күшеюі сынды факторлар қылмыстың, мемлекетаралық қақтығыстардың тоқтауына сеп болды.
2021 жылды артқа абыроймен қалдырмасақ та, жаңа жылдың басы ел есінде қалары анық. Жаңаөзенде басталған бейбіт шеру Алматыда да жалғасын тауып арты қайғылы оқиғамен аяқталды. Дәл осындай тұрақсыздықдар тек Қазақстан экономикасына ғана емес, әлемдік алымсаққада әсер етуі ықтимал. Бұл тұста есімізге ең бірінші мұнай түсуі мүмкін. Өйткені әлемде қара алтын бағасы қымбаттаса қалтасы қалыңдайтын елдің бірі Сауд Арабиясы болса, бірі Қазақстан. Атырау облысында орналасқан «Теңіз» мұнай кен орнының бір тәуліктегі өндіретіні 700 000 баррельге жетеді. Арты дауға ұласқан митингтегі провакторлардың нысанасы Алматыдағы әкімдік емес, Жылыойдағы мұнай өндіретін жер болғанда жағдай шиеленісер еді. Өйткені аз затқа сұраныс әрдайым жоғары болатыны заңдылық.
2019 жылы мұнай қоры ең көп деген Saudi Aramco компаниясы шабуылға ұшырағанын білеміз. Сол жылдары тәулігіне 5 млн баррель өндіретін алпауыт АҚШ пен Сауд Арабияның бірлесіп жасаған жобасы. Аталмыш келеңсіз оқиғада әсерінен бес миллионға жуық баррель мұнайдың күлі көкке ұшқан екен. Егер дәл осындай оқиға қайталанар болса мұнай бағасы шарықтайтыны айтпаса да түсінікті. Мұндай болжам туралы бірқатар тұлғалар пікірімен бөліскен. Айталық, жапониялық аналитик Кадзухико Фудзи қара алтын құны 147 долларға дейін өседі деген болатын. Дүниежүзілік OPEC ұйымының бұрынғы басшысының айтқаны анық келсе Қазақстан үшін өте тиімді болады.
Жер асты байлықтарының да таусылатыны уақыты келеді. Сол үшін жеті рет өлшеп бір рет кесу қағидасын ұмытпаған жөн. 2019 жылы шығарылған мәлімет бойынша еліміздің қорында 30 млн баррель мұнай бар, осы көрсеткішпен Қазақстан әлемдік рейтингте 11-ші орында тұр.
Эконмиканың құлдырауына қолда бар байлықпен ғана қарсы тұру ақымақтық болар еді. Сол себепті ғылым мен білім әрдайым бірінші орында тұрса байлықты жерден іздеудің керегі шамалы. Мұны адамзат әлдеқашан дәлелдеп қойған.
Мәулен ЖЕКСЕНБІ
Kznews.kz ақпараттық порталы