Сарапшы коронавирус қауіпті инфекцияға түрленеді деген мәліметті жоққа шығарды — Қазақстан жаңалықтары

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы коронавирус уақыт өте түрленіп, қауіпті вирусқа айналады деген пікірді жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Бұл туралы New York Post басылымында жарияланды.

Эпидемиолог Мария Ван Керкховтың сөзінше, коронавирус тұмау вирусы секілді өзгереді екен. 

«Инфекцияның ауыр әрі жұқпалы індетке айналып кетуі туралы еш дәлел жоқ», — дейді маман. 

Десек те ол пандемияның жақында аяқталмайтынын алға тартты. Айтуынша, халықтың жалыққанына қарап елдегі карантин режимін бәсеңдетудің қажеті жоқ көрінеді. 

Еске салайық, бұған дейін коронавирустың жаңа қауіпті мутациясы табылғаны жайлы айтылған еді. 

stan.kz